« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
23 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, деп хабарлайды қазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ.
Алматы, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |