
19-20 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисті, қаржы саласының құрметті ардагері Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өтті. Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 8 команда қатысып, 120 қызметкер бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Жарыс нәтижесінде Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы бірінші орынды иеленіп, екінші мәрте турнир жеңімпазы атанды. Олар финалда Жалағаш ауданы қаржыгерлер құрамасын 5:0 есебімен ұтты. Үшінші орынды Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің командасы қанағат тұтты.
«Үздік қақпашы» - Аслан Жабакиев (Қорқыт ата ҚМУ), «Үздік қорғаушы» - Бақытбек Мұқашев (Жалағаш ауданы), «Үздік шабуылшы» - Мақсат Абдыкамалов (Мемлекеттік кірістер департаменті), «Мерген ойыншы» - Ермек Балмағанбет (Қорқыт ата ҚМУ), «Үздік ойыншы» - Кеңес Маханбетов (Ұлттық банк) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы берілсе, номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Жарысты ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және Шөкеновтер отбасы.