« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жастар жылының алғашқы айында-ақ «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалы ауқымды акция жариялады. Жобаның атауы да, ұйымдастырылу тәртібі де бұрынғыдан өзгеше. Бұл туралы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен жастар ұйымының жылдық қорытынды кешінде хабарланды.
Өткен жылды қарқыны қатты, бастамасы батыл жас отандықтар табысты өткізген. «English for jastar» партиялық жобасы аясында аймақтың барлық ауданында 11 ерікті ағылшын тілін оқушыларға тегін үйретті. Бүгінде 350 оқушы шетел тілін меңгеруде жаңа деңгейге көтерілген. Былтыр кітапханаларды жастар сұранысына сай етіп жаңғырту, «Білім орталығына» айналдыру ісі де оңынан шешілді. Бұл қатарда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Арал, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандық, Қызылорда қаласына қарасты №12 кітапхана бар. Ал «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Digital Nation» жобасы іске қосылды. «Гранд мастер» бағдарламалау мектебімен жасалған меморандум аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар ІТ сабақтарды жеңілдікпен оқыған. Облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты мұнан өзге жастар үшін ұтымды бірнеше жобаны сәтті қорытындылады.
Айтпақшы, өткен жылы республикалық «Жас Отан» ЖҚ съезінің ізімен облыстық «Жас Отан» ЖҚ «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» атты облыстық жастар форумын ұйымдастырған. Форумға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, сондай-ақ, аймақтағы 500 жас қатысты. Форум қорытындысымен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» атты 2021 жылға дейінгі тұжырымдама қабылданған.
Ал «Жастар жылындағы жетістігің» атты республикалық акцияға келсек, шараға барша жас қатыса алады. Ол үшін акцияға қатысуға ниетті әрбір жас әлеуметтік желілерде Жастар жылында жеткен өзінің жетістігін #JJJ2019 хэштегімен жариялайды. Акция жастар арасында танымал (Facebook, Instagram) әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады.
– Жастар жылы жас дәрігер ең алғашқы не ең қиын операциясын жасауы, ал жас жазушы алғашқы кітабын аяқтауы мүмкін. Жас ғалым ғылыми жаңалық ашып, жас егінші рекордтық өнім жинауы мүмкін. Жас спортшы еліміздің атын әлемге танытуы мүмкін. Акцияның мақсаты – жастарды маңызды жетістіктерге ұмтылдыру. Сондықтан еліміздегі барша жасты акцияға белсене қатысуға шақырамын, – деді облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Талғат Тілес.
Акция 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасатын болады. Сол айда акция ресми түрде қорытындыланып, жетістікке жеткен жастар кеңінен насихатталады.
Жылдық қорытынды жиында «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жыл бойына белсенді қызмет атқарған жасотандықтарды алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, «Жас Отан» Жастар қанатының «Жыл белсендісі» номинациясын Ержан Жамбыл, «Үздік аудандық бөлімше» номинациясын Шиелі ауданы, «Үздік оқу орнындағы бөлімше» номинациясын «Болашақ» колледжі, «Үздік серіктестік» номинациясын «Абзал и К» ЖШС директоры Мағжан Ералиев иеленді.
Айдана ЖҰМАДИНОВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |