«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста!» кіші бағдарламасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, писихология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Аяғанованың қатысуымен «Өзін өзі дамыту» тақырыбында психологиялық семинар тренинг өткізілді.Психологиялық тренингтің мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік» мінез – құлқын қалыптастыру.
Семинардың бірінші кезеңі аудиториямен әңгімелесу түрінде болды.
Онда қазіргі әлемдегі күйзеліс, күйзелістен шығу түрлері, теріс энергияның адам ағзасынан шықпаудың кері әсері туралы айтылды.
Мысалы, күйзелістен шығудың ең дұрыс әдісі: ұйықтар алдында кітап оқу, өмірдегі қуанышты және қайғылы сәттерді жазатын күнделікті жүргізу, спортпен айналысу, өзіңе деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады.

Семинардың екінші кезеңінде қызметкерлерге ситуациялық тапсырмалар беріліп, түрлі психологиялық ойындар ойнатылды.
Семинарды қызметкерлер қуанышты көңіл-күймен аяқтап, психолог маманның көрсеткен практикалық көмектеріне алғыстарын жеткізді.