Ақпараттық технологияның жетістігі

Облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өткен жылды қорытындылап, баспасөз конференциясын өткізді. Онда сот төрағасы Бақытбек Елшібеков азаматтық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру нәтижесін баян етті.
– Өткен жылы 4851 талап арыз, 125 азаматтық іс түскен. Ал, 22 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен, 40 азаматтық іс медиация тәртібімен, 4 азаматтық іс партисипативті тәртіппен аяқталды. Нәтижесінде тараптардың медиацияға келіп татуласуына байланысты 17 543 274 мемлекеттік баж кері қайтарылған, – деді Б.Елшібеков.
Өткен жылдан Жоғарғы сот бастамасымен «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы жүзеге асырылып келсе, солардың бастысы – «Мінсіз судья» бағдарламасы.
Сот төрағасының мәлімдеуінше, соңғы жылдары сот тәжірибесінде қолданыла бастаған жаңғыртылған сот жүйесінің ғаламтор-ресурстары, сот процесінің қатысушыларын СМС және электронды пошта арқылы құлақтандыру, «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті», «Электронды шақыру қағазы» сынды бірқатар ақпараттық жетістіктер жұмысты едәуір жеңілдетуде.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қаңтар 2019 г. 577 0