
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының тұңғыш кітап болып басылып шыққанына 125 жыл толуына орай оқу эстафетасын ұйымдастырып отыр.
Оқу эстафетасының мақсаты - кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының эпостық жырларын насихаттау, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру, халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын дәріптеу.
Эпостық жыр-дастандар - қағазбен қатталмаған, жылнамасы жоқ тарихымыздың ауызша жеткен сипаттамасы, ұлттық құндылығымыздың ауқымды бір бөлігі. Бүгінгідей ақпарат ғасырында бабалар аманаттап кеткен жәдігердің әр жолы көздің қарашығындай сақтап, бойға сіңіру қажет.
Лиро-эпостық жырға деген құрметті арттыру үшін әлеуметтік желіде оқытудың әдіс-амалдарын пайдалана отырып, жырдан бірнеше шумағынан үзінді оқылып, бір-біріне жолдайтын болады.