Қызылорда және Ақтөбе облыстарында жел күшейеді

Синоптиктер Қызылорда және Ақтөбе облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
17 қаңтар күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, 18-19 қаңтар күндері жел екпіні 23 м/с дейін жетуі ықтимал. 17 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз кей жерлерде тұман түседі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2019 г. 459 0