152 фронт-офистің қызметі трансформацияланады

  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылы еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсетіп жатқан 152 фронт-офис қызметін трансформацияламақ.

 Бүгінде республика бойынша халыққа қызмет көрсетуші 326 фронт-офис бар.  Азаматтардың электрондық қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады.

«60/40 қағидаты фронт-офистегі жұмыс аймағының 40%-і қызмет көрсететін операторларға тиесілі екенін, ал азаматтардың қызметтерді өз бетінше алу аймағы – Connection point пен қоғамдық қолжетімді пункттердің үлесі 60%-ке жететінін меңзейді. Осылайша, біз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керекті құжаттарды өздігінен алуын қамтамасыз етпекпіз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов. 

Аталған қағидат бойынша елімізде бүгінде 174 фронт-офис қызмет етеді. Нәтижесінде азаматтардың 2018 жылы өз бетінше алған қызметтерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн-ға артып, 12 млн-ды құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық қызметтерді пайдалану дағдыларына 8 млн-нан астам азаматтың үйретілуі де әсер еткен.

 Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн қызмет көрсетілді, оның 16 млн электрондық форматта.      

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қаңтар 2019 г. 460 0