Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

 Қазгидромет еліміздің екі облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады, - деп хабарлады Baq.kz.
16 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
16-18 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. 16 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ болады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95 %.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қаңтар 2019 г. 766 0