«Бір ел – бір кітап» акциясы өткізілді

«Бір ел – бір кітап» акциясы өткізілдіҚармақшы аудандық балалар кітапханасында Қазақ соқырлар қоғамы бірлестігі "Жосалы" копоративтік қорының ұйымдастыруымен көз мүгедектерінің арасында "Бір ел - бір кітап" акциясы өтті. 
Онда жазушы Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" және "Басында Үшқараның" атты шығармалары тыңдалды.Кент орталығындағы №183 Ү. Томанов атындағы және №105 А. Жанпейісов атындағы орта метктеп оқушыларының мәнерлеп оқып беруінен шығармадағы сол кездегі ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігін, дүниеге көзқарасын, жалпы уақыт тынысын терең сезінген зағип жандар оқушыларға алғыс сезімдерін білдірді.Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандардың айналасынан алшақтамай, өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінуіне зор ықпалын тигізері сөзсіз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2014 г. 975 0