2019 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінеді

2019 жылы оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға қанша квота бөлінетіні белгілі болды. ҚР Үкіметінің тиісті Қаулысы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазақстан Үкіметінің 2018 жылғы № 916 қаулысы 29 желтоқсанда қабылданған. Ол жарияланған уақыттан 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі. Оған сәйкес, оралмандарды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы 2 103 адамды, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 7 771 адамды құрайды. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 1 тамызға және 2020 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп берсін. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қол қойған құжатта. Айта кетейік, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы жыл сайын белгіленеді.     


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қаңтар 2019 г. 400 0