Аралда балалар лагерьлері ашылады

Аралда балалар лагерьлері ашылады Арал ауданында барлық күндізгі лагерлер мен «Ұландар» лагері 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау мерекесі күні ашылады. Балалардың бос уақыты мен сауығу демалысымен қамтылу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жасалды. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушыларды жазғы демалыспен қамту, сауықтыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп жанындағы күндізгі және «Ұландар» лагеріне аз қамтылған отбасы балаларына жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан 10 млн. 461 мың теңге бөлінді. 
Жазғы сауықтыру лагерлеріне бірінші кезекте жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасы балалары және құқық бұзушылықпен есепке алынған оқушыларды қамту жоспарланды. Оның ішінде қала сыртындағы «Ұландар» лагеріне - 600 бала, мектеп жанындағы күндізгі лагерге - 2475 бала, шатырлы лагерге - 1015 бала жіберілмек. Ауданнан тыс яғни «Ақсу Жабағылы», «Таң Нұры», «Талдысу», «Сан-Райз» лагерлеріне - 360 бала барлығы 4450 бала толық жазғы демалыста сауықтырылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2014 г. 996 0