Қызылордалық 153 жас Ресейде білім алады

Қызылордалық 153 жас Ресейде білім аладыҚызылордаға Мәскеу ұлттық технологиялық  зерттеу университетінен арнайы комиссия келіп, 643 мектеп бітірушіден емтихан қабылдады. Айта кетейік, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен аталған оқу орнымен әріптестік байланыс орнатылған. 
Сынақты сәтті тапсырған 153 оқушы ресейліктердің тағайындаған грантын иеленді. Жерлестеріміздің басым бөлігі металлургия, нанотехнология секілді мамандықтарды таңдап отыр. Бұл оқу орнының студенттері Германия, АҚШ, Франция мемлекеттерінде іс-тәжірибеден өтеді.  Аймақта металлургия саласын дамыту қолға алынып жатқаны белгілі. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт жылдан соң бұл мамандар осы саланың жұмысын жандандыру бағытында жұмыс жасайтын болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 мамыр 2014 г. 712 0