Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы Үмбетаевтар әулетінде үлкен жаңалық. Үстіміздегі жылдың 9 мамырында Ернұр, Арнұр, Ақнұр есімді үшем дүниеге есігін ашты.
Балалардың әкесі Ербол Үмбетаев "Аралгаз" ЖШС жұмыс істесе, дүниеге үшемді аман-есен әкелген балалардың анасы Әйгерім Амзеева Тереңөзек кентіндегі №36 орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Бұған дейін бұл отбаында 3 бала болатын, енді тағы 3 сәби қосылып аллаға шүкір барлығы алты бала болды. Ертең Қызылорда қаласындағы облыстық медицина орталығының нәрестелер бөлімшесінен үйге шығарылады.