Қызылордада дәрігерлерге сұраныс зор

Қызылордада дәрігерлерге сұраныс зорҚызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.
Жәрмеңкеге қаланың  39 мекемесінен алдын ала 400  бос орындарға сұраныстар келіп түсті. Оның ішінде: дәрігерлер, психолог, аға жаттықтырушы, есепші, инженер-құрылысшы, заңгер, бағдарламашы, лаборант, дизайнер, механик сонымен қатар бұрғылаушы көмекшісі, автослесарь, жүйе электригі, электргазбен дәнекерлеуші, көлік жүргізушісі, аспазшы, тігіншілер, массажист секілді мамандарға сұраныс артып тұр. Сонымен қатар жәрменкеде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына, ереженің талабына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оған  қала мекемелерінен 12 жұмыс берушілер 24 бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен бірге 4 колледж және 2 оқу орталығының өкілдері қажетті мамандықтар бойынша кәсіби оқытуға іріктеу жасады. 
Қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, үстіміздегі жылы қалада  476  жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде: ауыл шаруашылығында - 112,  өнеркәсіпте-108,  көтерме және бөлшек саудада - 57, білім беру саласында-27, басқа салада – 152, уақытша және маусымдық жұмысқа - 20. 2014 жылдың 1 мамырына жұмыссыздардың  жалпы саны – 1436, яғни тіркелген жұмыссыздық  деңгейі- 1,3 пайызды құрады (01.05.2013 жылы – 1,5 пайыз). Жұмыссыздардың ішінде 14,3 % - жоғары білімді, 35,0 % - арнаулы орта білімді,  50,7 % - орта білімді. Хабарласқандардың ішінде  жұмысшы мамандығы - 55,0,   қызметкерлер - 19,0, бұрын жұмыс істемегендер - 26,0 пайызды құрайды. Жыл басынан 1598 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа тартудың белсенді түрлеріның бірі: қалада ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздар жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2014 г. 752 0