| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қаңтар айында республиканың барлық өңірінде жылы және қарлы ауа райы күтіледі. Бірақ 20 қаңтардан кейін айдың аяғында айтарлықтай аяз болуы мүмкін, деп болжайды «Қазгидромет» мамандары.«Алдын-ала болжам бойынша, қаңтар айында орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 1 градус нормадан жоғары болады, ал қалған аумақтар климаттық нормаға жақындайды», - дейді синоптиктер.
Қаңтар айында жауын-шашынның мөлшері шамамен Павлодар облысында және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан төмен болады деп күтілуде. Айдың алғашқы күндерінде солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтар суық антициклонның ықпалында болады. Түнгі уақытта термометрлер 25-30, кей жерлерде 35 градус, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 градус аязға дейін төмендейді.
Ал елдің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жылу ауа массасы жүреді, ал фронт учаскелерінің өтуімен, жауын-шашынды ауа райы болжанады. Ауа температурасы түнде 2-7, кей жерлерде 12 градус, күндіз 0-5 градус, 5 градус аяз болады.
Жалпы қаңтар айында еліміздің көптеген бөліктерінде жылы және тұрақты ауа райы күтілуде. Тек екінші және үшінші онкүндіктердің басында ауа температурасының төмендеуі мүмкін.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |