Облыста үш күнде екі бала суға кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, мамыр айының 24-27 аралығында біздің өңірде 5 және 14 жастағы екі бала суға кетті. Оның бірі Қармақшы ауданында орын алса, екіншісі Жаңақорғанда болды.
Қармақшы ауданының Ақай елді мекенінде тұратын Н.Қожағалиев 24 мамыр күні тілсіз жаудың құрбанына айналды. Ол сол күні сағат тілі 21-ді көрсеткен шамада суға түспек болып әрекеттенген. Алайда, оның соңы қайғылы жағдайға алып келіп соқтырды. Жасөспірімнің денесін су астынан іздеуге төтенше жағдайлар саласының 4 маманы жұмылып, арада үш күн өткенде жағаға алып шықты. Дәл осыған ұқсас жағдай 27 мамырда Жаңақорғанда орын алды. Сол күні сағат 11 шамасында 2009 жылы өмірге келген Б.Тұрғанбай суға кетті. Мамандар оның денесін 6 сағат өткенде жағаға алып шықты. Судан құтқару саласының мамандары ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2014 г. 714 0