« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағалары 2018 жылдың желтоқсанында 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,1 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Өткен жылы Қазақстанда нан-тоқаш өнімдері мен жарма, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз және алкогольді өнімдер қымбаттап, көкөністер мен жемістер бағасы арзандаған.
2018 жылдың желтоқсанында 1 кг күріштің бағасы 318 теңге болса, қарақұмық жармасы 247 теңге (2018) және 316 теңге (2017) болған. Өткен жылдың желтоқсанында қант бағасы 1 кг үшін 243 теңгені құраса, 2017 жылдың желтоқсанында - 202 теңге болған.
Көкөністердің арасында картоп бағасы 2018 жылдың желтоқсанында 1 кг үшін 86 теңгені құраған (2017 жылдың желтоқсанында - 117 теңге), орамжапырақ бағасы 101 теңге (78 теңге), пияз - 77 теңге (94 теңге), сәбіз 98 теңге (116 теңге) болды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |