Шиелі ауданындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының түлегі Гүлсезім Батырбаева FLEX бағдарламасының 3 турынан сүрінбей өтіп, АҚШ-та білім алып қайтты.
Ол АҚШ тұрғындары Майкл Ли мен Уендианн Лидің отбасында тұрды. Оңтүстік Каролина штатының Колумбия қаласындағы Ridge View High School мектебінде 11-сынып оқушысы атанып, штаттың үздік оқушылары қатарына ілікті.
FLEX Бағдарламасы – 1992 жылдан бері жүріп келеді. АҚШ пен Еуразия елдері арасындағы жастар алмасу бағдарламасы саналады. Мақсаты – ағылшын тілін өз дәрежесінде меңгерген жастарға АҚШ-қа барып, 1 жыл көлемінде білім алуына жол ашу. Сол мүмкіндікке Қазақстаннан 80 оқушы иеленді, Сол елде жүріп көп қызықтарды бастан кешірген Гүлсезім көп тәжірибе жинақтады. «Мектепте сурет, пианино, теннис, веб-дизайн сабақтарын оқыды, 100-ден астам волонтерлік сағат жинап, мектепішілік, қалалық жастар ұйымдарына мүше болды. Қазақстан жайлы көптеген презентациялар жасады. АҚ-ты аралап, біраз жерлерде болып қайтты. Атап айтсақ, Вашингтон,, Нью-Йорк , Чарлестон , Нью-Джерси, Белтон, Орландо қалалары мен Солтүстік Каролина, Джорджия, Вашингтон, Флорида штаттарын аралады» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.