Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді

ШҚО-да Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы  Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Қаулыда.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қаңтар 2019 г. 384 0