Жалағашта кәсіпкерлер саны артып келеді

Жалағашта кәсіпкерлер саны артып келедіҮстіміздегі жылдың 4 айында Жалағаш ауданында 1526 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 6714 адам жұмыс істейді. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлер саны 122-ге, ал жұмыс істейтін адамдар саны 316 адамға өскен. Өндірілген өнім 193,2 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,0 пайыз. Бюджетке түскен түсім 17,7 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 106,0 пайыз болды. Аудан көлемінде 123 жаңа жұмыс орындары ашылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2014 г. 613 0