| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2019 жылдың қаңтарынан бастап бірнеше автокөлік жолдары ақылы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақылы автожолдарды дамыту бойынша биыл қазан айында Ішкі істер министрлігінің жүйелерімен интеграцияланған Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелері тесттік пайдалануға енгізілді. 2019 жылы қаңтар айының екінші жартысында ақы алуды бастау жоспарланып отыр», - деп түсіндірді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Оның атап өтуінше, мұнан бөлек, 5,9 мың шақырымда, соның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде ақы алу жүйесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төлемдерді жинау жүйесін монтаждауды биыл бастау жоспарланған.
«Жалпы, 2020 жылға қарай ұзақтығы шамамен 6,6 мың шақырым жолда төлем алу жүйесі қосылады», - дейді Жеңіс Қасымбек.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |