Қазалы ауданында Кеңес одағының батыры Мақаш Балмағамбетовтің 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық дала полигондық сайысы өтті. Оны Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Орда» ЖҚБ және аудандық қорғаныс бөлімінің ұйымдастырды.
Сайыс Қазалы қаласындағы «Шағала» балалар тынығу лагерінде өткізілді. Аталмыш сайыстың мақсаты – білім алушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Сайыста аудан, қала, кент және ауыл мектеп жастарынан 23 команда бақ сынасып, өз мүмкіндіктерін, күш-жігерін және өнерлерін сарапқа салды. Әскери-патриоттық дала полигондық сайыстары сап түзеу және ән байқауы, нысананы көздеп ату, автомат шашу, қайта жинау, қашықтыққа және нысананы дәлдеп гранат лақтыру, медбикелер сайысы және әр бөлімшенің өз өнерін көрсету секілді жарыс түрлері бойынша өткізілді.