54 жыл бұрын Марат Әзілханов дүниеге келді

54 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВ дүниеге келген.

Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін емдеу ісі (1988) мамандығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын құқықтану мамандығы бойынша (2000) бітірген.

Еңбек жолы: Қызылорда қаласында дәрігер-хирург, (1988-1992); Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды (1992-2011); Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары  (2011-2013); Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы (2013-2014); Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі (2014-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2016); ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2003), ІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2007), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2009), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты берілген (2010).

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қаңтар 2019 г. 474 0