69 жыл бұрын Бекмырза Еламанов дүниеге келді

69 жыл бұрын (1950) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Бекмырза Қайыпұлы ЕЛАМАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы­ның Қармақшы ауданында «Қорқыт» теміржол бекетінде дүние­ге келген. Алматы зоо­тех­никалық-малдәрігерлік инс­титутын 1974 жылы «ға­лым-зоотехник», Мәскеу ха­лық­аралық бизнес және ақ­па­раттық технологиялар уни­­вер­ситетін «экономист» ма­ман­дықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1966 жы­лы Жосалы кенті, №149 кәсіп­тік-техникалық учи­ли­­ще­де жөн­деуші болып бас­таған. 1974-1983 жылдары Қармақшы ауданының шаруа­шы­лық­та­рында мамандығы бойынша түрлі қызметтер атқарған. 1983-1987 жылдары Қармақшы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «III Интернационал» ұжымшары парткомының хатшысы, 1987-1990 жылдары осы ауданда «Қуаңдария» кеңшарының директоры, 1990-1993 жылдары Қармақшы аудандық Кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы болды. 1994-1995 жылдары «III Интернационал» ұжымшары басқармасының төрағасы, 1995-2001 жылдары Қармақшы ауданының әкімі, 2001-2004 жылдары Сырдария ауданы, «Шапағат лимитед» ЖШС директоры; 2004-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2008 жылғы қыркүйек-қараша айларында облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 2008-2011 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2012 жылғы 5 қаңтарда №8 «Төретам» сайлау округінен V сайланған облыстық мәслихаттың депутаты болып, 2012 жылғы 20 қаңтарда облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

2014 жылдан қазіргі қызметінде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қаңтар 2019 г. 972 0