АЛДАҒЫ ЖОСПАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Р.Рүстемовтің жетекшілігімен өтті. Оған комиссия мүшелері, облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті, қылмыстық атқару жүйесінің департаментінің басшылары мен жауапты өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары және селекторлық режимде аудан әкімдерінің орынбасарлары мен сала басшылары қатысты. 

Комиссия отырысында кә­ме­летке толмағандар ара­сын­дағы қылмыстық ахуал спорт нысандарына қол­жетімділік, жер­гілікті комис­сия­лардың есеп­тері, об­лыстық білім меке­мелерінің жұ­мыстары тал­қыланды. Кәме­летке толма­ған­дарды бейім­деу орталығы мен девиантты мінез-құ­лықты балаларға арнал­ған ин­тернатының тәрбиеле­нушілері, арнайы-түзету білім беру ұйымдарының, «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, жас жеткіншектер үйінің жұмыстары туралы айтылды.

Комиссия отырысында облыс прокурорының орынбасары Т.Әлібаев, ОПД, Жергі­лік­ті полиция қызметі басты­ғы­ның орынбасары, полиция полковнигі Е.Жаукеев, облыстық дене шы­нықтыру және спорт  бас­қар­масы бас­шысының орынба­са­ры Ж.Ос­панов, облыстық бі­­лім басқармасының басшысы М.Мел­­дебекова, облыстық нар­ко­­­логиялық орталықтың бас дә­рі­герінің орынбасары Г.Сейіл­бе­кованың баяндамалары тың­­­далды.

Алдағы жылы бірлесе атқа­рылатын құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары талқы­ланды.

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 желтоксан 2018 г. 337 0