
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының жол-патрульдік полиция жеке құрамының күнделікті қызметінде жол қозғалыс ережесін қадағалау барысында сот қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан шектелген жүргізушілердің көлік тізгініне қайта отыру деректері орын алуда.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608 - бабымен (жүргізушінің көлік құралын алькогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) ағымдағы жылдың 11 айында барлығы 1104 әкімшілік шара көрілсе, оның 125-і әкімшілік қамаққа алынып, 979-ы жүргізуші куәлігінен шектетілді.
Осы көрсетілген ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен құқық бұзған жағдайда көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғады,
ал егер аталған әкімшілік құқық бұзушылық бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайды:
екінші рет қайталап жасаған жағдайда - төрт жыл мерзімге;
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттер отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мысалы, ағымдағы жылдың 10 сәуірінде 32 жастағы қала тұрғыны автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соған қарамастан, 6 айдан соң ол ішімдік ішіп, көлік тізгініне қайта отырады. Нәтижесінде, ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Осы орайда, тәртіп сақшылары темір тұлпар тізгіндеген азаматтарға жол жүру ережелерін қатаң сақтап, мүлтіксіз орындаудың маңыздылығын ескертеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі