« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Алдын ала болжам бойынша қаңтарда ауаның орташа айлық температурасы республиканың оңтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1 градусқа жоғары, ал қалған аймақтарда климаттық нормаға жақын болады. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары болады, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде қар айлық нормадан аз жауады.
Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометр бағаны түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аязға дейін, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 градус аязға дейін төмендейді.
Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлеріне жылы ауа массалары келеді және күн жауын-шашынды әрі жылы болады. Ауа температурасы түнде 2-7, кей жерлерде 12 градусқа дейін аяз болады, күндіз 0-5 градус жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.
Жалпы алғанда, қаңтар жылы әрі жауын-шашынды болады. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендейді.
Синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам бірталай өзгеріске ұшырауы мүмкін, – деп ескертеді “Қазгидромет” мамандары.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |