
Кеше аудандық мәдениет үйінде 2018 жылды қортындылаған салтанатты іс-шара өтті. Жиында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мерекелік кешке жиналған барша ағайынды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өңірімізде еңбегімен дараланған әр түрлі сала қызметкерлерін марапаттады.
Шарада ауданның гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға «Шиелі ауданының Құрметті азаматы» атағын және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Мәдениет майталманы» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасымен» және Қызылорда қаласының 200 жылдық, Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады. Сондай-ақ, жыл қорытындысымен әр сала үздіктеріне «Жыл үздігі-2018» номинациясы табысталды. Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.