| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
28 желтоқсан күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы күн райының сақталуына байланысты жауын-шашындар күтіледі. Еліміздің тек оңтүстік және шығыс аудандарында жұма жауын-шашынсыз өтеді. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерін тұман басады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-28 м/с жетеді.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз сақталады.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |