« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Бүгін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында аймақта кәсіпкерлік саласының дамуына атсалысып жүрген бірқатар іскер азаматтар марапатталды.
Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов 2018 жыл Сыр кәсіпкерлері үшін табысты жыл болғандығын айта келе: «Жыл басында облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, облыстық қоғамдық кеңес пен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жылдар облыста жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың үш жылдығы ретінде жарияланды. Аймақта кәсіпкерлік саласының дамуында Палата тарапынан да ауқымды шаралар жүргізілуде. Жыл ішінде Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері 200-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғап, Палата мамандары 5855 азаматқа кеңес берді, «Бастау» жобасы аясында 1600 азаматты оқытты. «Бизнес-мектеп» аясында оқу курстарын аяқтаған 1548 азаматтың ішінен жалпы құны 1 млрд.теңгеге жуық қаржыға 429 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың барлығы Палата тарапынан сүйемелденді», - деді.
Кәсіпкерлер палатасының басшысы өңірде саланы дамытуда мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен мүдделі мекемелердің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде облыстың өңірлер арасында бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша 1-ші орынды иеленіп, «Хан тәңірі» сыйлығына қол жеткізгендігін де айтып өтті.
«Бүгін жылды қорытындылар сәтте Сіздермен кездесіп, «Атамекен», сондай-ақ облыс, қала басшылығымен берілген марапаттарды табыс етуді жөн көріп отырмыз. Бұл марапаттарға Сіздердің жыл көлемінде жасаған еңбектеріңізді ескере отырып, Палата тарапынан ұсынған болатынбыз», - дей келе, төмендегі кәсіпкерлерді марапаттап шықты.
1. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың «Алғыс хатымен»:
- «Аралтұз» АҚ-ның президенті Тауасаров Айдынбек;
- «СтандартСтройСервис ЛТД»ЖШС-нің директоры Қалышев Асылбек;
- «СКЗ U» ЖШС-нің директоры Бекжанов Мадихан;
- «Сұлтан Сүйрік» ЖШС-нің директоры Сұлтанов Серік;
2. «АТАМЕКЕН» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтің «Алғыс хатымен»:
- «AB INVEST GROUP» ЖШС-нің директоры Дүйсенбаев Ғалым;
3. Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы Президентінің «Алғыс хатымен»:
- Жеке кәсіпкер, «Сәулет» базарының басшысы Курбанов Шамсуддин;
4. «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен:
- «К Групп ЛТД» ЖШС-нің директоры Боранбаев Қайрат;
- «ФракДжет» ЖШС-нің директоры Орынғалиев Аслан;
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда облысы бойынша фили алының директоры Қарақожаев Оразбек;
- «Полимер продукт» ЖШС-нің директоры Бимағанбетов Қайрат;
- «Монтажспецстрой» ЖШС директоры Үдербаева Рая;
- «Нефтьпромснаб» ЖШС директоры Қуанышбаев Қазбек;
- «Юсупова» ЖК-нің басшысы Юсупова Бибайша;
5. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Кимнің «Алғыс хатымен»:
- ЖК «Промкоммерц К», Керімқұлова Аида;
5. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың «Алғыс хатымен»:
- «ЭлектроТехнология» ЖШС-нің инженері Шалабаев Марат;
- «Интеллект КИПиА Сервис» ЖШС-нің директоры Абуов Батырбай;
- «Абзал и К» ТС-нің ардагер қызметкері Байылов Молдан;
- «Абзал и К» ТС-нің ардагер қызметкері Микбасов Хамит;
- «Казспецстрой Экспертиза» ЖШС-нің директоры Гүлзагира Абдраимова;
- «Жәрдем» ауылшаруашылық кооператитерінің Ревизиялық кеңесінің төрағасы Шәріпұлы Айтуған;
- «Абай Даулет» ЖШС-нің директоры Сәрсенбаев Мұрат;
- «Сыбаға» ЖШС-гі директорының орынбасары Төлеков Ақперде;
- «Жайна» СҮ-нің басқарушы директоры Сүгүрбаева Рая;
- Қызылорда облысы туризм Қауымдастығының төрайымы Булегенова Сәуле;
- ЖК «Қуаңбаева Гульжан», Қуаңбаева Гүлжан;
- ЖК «Токбердиев», Тоқбердиев Турали марапатталды.
Шара қорытындысымен кәсіпкерлер Палата тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын беріп, алғыстарын жеткізді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |