« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
27 желтоқсан күні еліміздің батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын жауып, батыста түнде қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің күші 15-22 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын болжанады.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Ақтөбе облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын соғады.
Алматы, Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Түркістан, Қостанай облыстарының жекелеген аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз болуы ықтимал.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |