Қызылорда облысында бұзылған бөгет қалыпқа келтіріліп жатыр

Қызылорда облысында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті бұзылып, Қазалы ауданы аумағындағы 60 гектар жайылымдық жерді су алды. Әйтеуір мал-жан аман. Қауіпті аймаққа азаматтық қорғау құрылымдарының 150-дей қызметкері мен 51 арнайы техника жұмылдырылды. Осыдан 10 шақты жыл бұрын тұрғызылған бөгет апатты жағдайда емес. Биыл жөндеу жүргізілген.
Ғалымжан Сматуллаев, Қазалы ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы:
- Аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Осыған арнайы штаб құрылды. Қазіргі уақытта жарындыны қалпына келтіру мақсатында авариялық материалдар: қамыс, қада, тас жеткізіліп, жұмыстар жүргізілуде.

www.24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2018 г. 559 0