Шырша шамы жағылды

Әне-міне дегенше Жаңа жылда есік қақты. Жұртшылықтың жүзінен мерекелік көтеріңкі көңілкүйді аңғаруға болады. Орталық алаңда жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Рәсім барысында  аудан әкімінің орынбасары  Әлімжан Жарылқағанов барша аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Қазалы ауданы жаңа жылға жаңа табыстармен келіп отыр. Жуырда Тәуелсіздік күні мерекесін жоғары деңгейде атап өттік. Ширек ғасырлық жемісті жұмыстарға аудан халқының да қосып отырған үлесі орасан», - деген Әлімжан Мұратбайұлының лебізіне жиналғандар қызу қошемет білдірді.

Мұнан соң мерекелік шара басталды.  Аяз ата,  Ақшақармен суретке түскен көпшілік мәре-сәре. Шара соңы отшашуға ұласты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2018 г. 495 0