Еліміздің еркіндігі - тәуелсіздік

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 27 жыл. Жиырма жеті жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.
Осы айтулы мереке қарсаңында Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде 2018 жылдың 13 желтоқсан күні жаза мерзімдерін өтеп жүрген азаматтар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ұлттық мейрамын мерекелеуге арналған 2018 жылғы ІІ жартыжылдықта өткізілетін мәдени-спорттық және ағартушылық іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес мекеменің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімінің ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға Қызылорда облыстық филармониясының әнші өнерпаздарының қатысуымен «Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өткізді.
Мекеме жасақтарынан құралған 150-ге тарта жаза мерзімін азаматтаға арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама еліміздің Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, мекеменің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімінің бастығы әділет капитаны Д.Ералиевтің мерекелік құттықтау сөзі тыңдалды. Сондай-ақ өнерпаз әншілердің мерекелік және патриоттық тақырыптағы (Атамекен, Қазақ елі, Туған жер, Беу айдай, Нақыл, Менің қазағым, Бүлдірген) әндері жаза мерзімін өтеуші азаматтардың  патриоттық сезімдерін оятып,  көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жазасын өтеуші азаматтармен атқарылып жатқан  осындай игі шаралар өте маңызды және тәрбиелеу шарасындағы ықпалдың бірден-бір айқын тұсы деп есептейміз.  

Д.Ералиев,
ҚАЖ  департаменті
ЗК-169/5 мекеменің
САӘПТЖБ бөлімінің бастығы
әділет капитаны.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2018 г. 422 0