Жаңажылдық шырша шамы жағылды

Кеше Тереңөзек кентіндегі орталық алаңда жаңажылдық шыршаның шамы жағылды. Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен тұрғындар қатысты.
Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған іс-шарада Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданның құрметті азаматы Я.Тасыров жиналғандарға ақ батасын беріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан еңбек ардагерлері жаңажылдық шырша шамын жақты.
Іс-шарада аудан өнерпаздары әуелете ән шырқап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2018 г. 685 0