Сыр өңірінде театр салынады. Жаңа мәдениет ошағының эскиздік жобасы сәулет-қала құрылысы кеңесінде талқыланды.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, театр Желтоқсан мен Қорқыт ата көшелерінің қиылысында бой көтереді. Жалпы аумағы 2,2 гектар жерді құрайды. Ғимараттың ені 48 метр ал, ұзындығы 90 метр болады. Сыртқы келбетіне классика, шығыс және қазақ сәулет өнерінің элементтері кеңінен қолданылмақ. Театр 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат шаруашылық-техникалық бөлмелерінен тұрады. Екінші қабатта холл, вестибюль, киім шешу орындары, әкімшілік бөлмелер, буфет, 400 орынға арналған көрермен залы және тағы басқа да қосалқы бөлмелер орналасады. Үшінші қабатта 200 адамға арналған көрермен залы болады.
Театрының аумағында 200 автокөлікке арналған автотұрақ салу көзделуде. Театрдың қас бетіне шағын сәулеттік формаларды орналастыру жоспарлануда. Бұған қоса, А.Тоқмағамбетов атындағы театрдың ғимараты да қайта жаңғыртылады.