Елімізде төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елімізде бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

24 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде және Ақтау қаласында көктайғақ күтіледі.
24, 25, 26 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
24, 25, 26 желтоқсан күндері Орал қаласында оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 17 м/с дейін күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
24-26 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жолда көктайғақ сақталады. Түнде 25-26 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қатты аяз 35-40, кей жерлерде 30 градус күтіледі.
Петропавл қаласында 25 желтоқсанда түнде 37-39 градус аяз, 26 желтоқсанда түнде минус 33-35 градусқа дейін күрт суытуы ықтимал.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2018 г. 445 0