Жанқожа бабаның рухына тағзым ету мақсатында бабамыздың бейітінің басына құран оқытылды. Бабаның рухына құран бағышталып, мал шалынды. Оны Қазалы ауданы Аранды ауылдық округінің әкімі Қуанғали Қожахмет және «Ділімбет ишан» мешітінің имамы Шәки Қолдастың ұйымдастырды.
Бар ғұмырын халқының азаттығы жолына сарп еткен, талай хандар мен сұлтандарды, Хиуа мен Қоқан бектерін Сыр бойынан қуып, ел мерейін үстем еткен Жанқожа батыр елдің тыныштығы үшін ат үстінен түспеген. Батыр бабамыз халқының азат өмірін көзінің қарашығындай сақтауға, зорлық-зомбылыққа қарсы күресті. Өзінің асқан батырлығымен, халқына деген сүйіспеншілігімен, адалдығымен, адамгершілік қасиетімен ел аузындағы аңызға айналған, Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталады.