Қызылорда облысы еліміздің 90 пайызын күрішпен қамтыса, Краснодар аймағы Ресей нарығына қажетті күріштің 80 пайызын өсіреді. Екі өңірдің ұқсастығы осында. Дала академигі Ыбырай Жақаевтың ізбасарлары әр гектарынан 49 центнерден өніп жинаса, іргедегі ресейліктер 70 центнерден дақыл алуда. Айырмашылық жер мен көктей. Облыстан арнайы делегация аталмыш оң тәжірибемен танысу мақсатында Краснодар өлкесіне танысу мақсатында көрші мемлекетке барды.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов бастаған делегация құрамында басқарма басшылары, шаруа қожалықтардың төрағалары, зерттеу институтының мамандары болды. Екі өңірдің де географиялық орналасуы оңтүстік аймақ болып табылады. Мұнда да Сыр өңіріндегідей негізгі дақылдың бірі – күріш. Тек табиғаты өзгеше. Жауын мол түседі, ауасы ылғалды. Климаты жерге түскен дәннің тез жетілуіне өте қолайлы. Ал, Қызылордада керсінше, күн 40 градус ыстық, ауасы құрғақ. Краснодарда жыл сайын 125 мың гектар жерге күріш егіледі. Ал Сыр бойында 76 мың гектар шамасында. Сапар барысында қызылордалық диқандар сапалы тұқым – бітік өнімнің кепілі екендігіне көз жеткізді.
– Жалпы, «нарықтың кеңеюіне байланысты біздің әрі қарайғы сұранысымыз қалай болады?» деген жағдайға келгенде мен ешқандай қауіптенбеймін. Өйткені, күріш өндіруді, өңдеудің жаңа технологиясын қолдануды Сыр диқандары бастап кетті. Нәтижесін өткен жылы көрдіңіздер. Рекордтық көрсеткіште өнім жиналды. Бұл жұмыстар жалғаса береді, - дейді күрішші, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев.
Бүкілресейлік күріш ғылыми-зерттеу институтының директоры Евгений Хари¬тонов бастаған ғалымдар Сыр диқандарына барлық салалары бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстары¬мен таныстырды. Краснодар өлкесінде соңғы жылдары күріштің өнімділігі 20-30 пайызға жоғарылаған. Оның басты себебі, жаңа сорттар көп дайындалады. Қазір қолдануға жарамды 46 тұқым түрін шаруалар пайдаланылуда. Осы салада әріптестік негізде жұмыс жасау мақсатында Қызылорда мен Краснодар әкімшіліктері меморамдумға қол қойды. Бұл ғылыми ізденіс пен жаңа технологияның көмегімен өнімділікті арттырудың бастамасы. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық мамандарын дайындауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен Қубань мемлекеттік аграрлық университеті уағдаласып, меморандумға қол қойды.