Ішкі істер министрлігі полицейлердің жаңа киім үлгісін көпшілік талқысына шығарды

істер министрлігі қазақстандық полицейлердің жаңа киім үлгісінің жобасын көпшілік талқысына ұсынды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің жұмыс киімі соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді.
«Формаға қойылатын негізгі талаптар - оның қолайлылығы, тартымдылығы және артық элементтердің болмауы. Киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешекпен кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі барша халықты полицейлердің жаңа киім үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуға шақырады. Киім үлгілерімен ІІМ-нің Инстаграмдағы ресми парақшасынан таныса аласыздар.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 желтоксан 2018 г. 604 0