Түзеу мекемесіндегі оқу-жаттығу жиыны

ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде «Өрт болған жағдайларда атқарылатын іс-қимылдар» тақырыбы мен оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу өткізуге күндізгі топ қызметкерлері, жеке құрам қызметкерлерінен құралған ерікті өрт-сөндіру жасағы, медицина қызметкерлері қатыстырылды.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес,  мекеменің шаруашылық ауласында электр сымдарының тұйықталуы салдарынан кенеттен өрт шығады. Бақылау өткізу бекетінде орналасқан автоматы өрт дабыл қондырғысы дабыл сигналын беру барысында, бекет бақылаушысы өрттің шыққанын байқап,  уақытында мекеменің кезекші көмекшісіне және қалалық өрт сөндіру бөліміне хабарлайды.
Уақытында жеке құрам қызметкерлері жиналып, топтарға бөлініп және тиісті топқа атқаратын тапсырмалары берілді. Күндізгі топ қызметкерлерінен құралған ерікті өрт жасағы алғашқы өрт сөндіру шараларын қабылдады.
Бақылау-өткізу бекетінде қосымша бақылаушылар қызметке қосылады және қызметті күшейтілген кестеге сәйкес қызмет атқарылды. Дене жарақатын алған қызметкерлерге медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндіру экипажы толықтай орын алған өртті сөндіру жұмыстарын жүргізеді.
Оқу-жаттығу өткізілуі кезеңінде мекеменің жеке құрамының іс-әрекетін қорытындылау жүргізді.  


А.БАТЫРБЕКОВ, 
режим және күзет бөлімінің ВӨК инспекторы
әділет аға лейтенанты 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 желтоксан 2018 г. 420 0