Астанада еліміздің бас шыршасы жағылды

 Астанада жаңа жылдық бас шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадағы ЭКСПО көрмесі төрінен орын алған еліміздің бас шыршасының биіктігі 25 метр. Оны безендіруге 1200 түрлі-түсті шар мен 4 мыңнан астам жылтырақ ойыншықтар жұмсалды.

Салтанатты шараға қала әкімі Б.Сұлтанов қатысып, шыршаның шамдарын жақты.

«Жаңа жыл - әлемдегі кең көлемде аталып өтетін мерекелердің бірі. Бүгін Сіздермен бірге жылдағы дәстүр бойынша бас шырша шамдарының жағылуына куә болудамыз. Жаңа жыл отбасылық мейрам болғандықтан Астанада оған дайындықты жоғары қарқынмен жүргізудеміз. Биылғы жыл еліміз үшін де, елорда үшін де табысты болды. Алдағы жылы атқарылатын игі істер өз жалғасын табады», - деді елорда әкімі.
ара барысында жиналған қауым еліміздің өнер жұлдыздарының концертін тыңдап, сондай-ақ отшашу рәсімін тамашалады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 желтоксан 2018 г. 484 0