ЖЕРЛЕСІМІЗ «АЛТЫН ДӘРІГЕР» АТАНДЫ

Денсаулық сақтау ­саласына қосқан үлесі мен ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін жерлесіміз Амангелді Суханберлиев Ұлттық Медициналық Ассоциациясының «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.

Тәуелсіздік мерекесі қарса­ңында осындай жоғары марапат иеленіп отырған Амангелді Нұғы­манұлы білікті хирург, бүгінде Қызыл­орда жоғары медициналық колледжінде дәріс оқып, сала ма­­ман­дарын дайындап келеді. Журналистика саласында да жемісті еңбек етіп келе жатқан дәрігер бүгінде «Нұр – Жан» журналын шығарып, аймақ бас­пасөзінің дамуына үлес қосуда. Ол осы­ған дейін «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі мен «Қазақстанның құр­­метті журналисі» атағының иегері атанған.  

 Жерлесіміздің еңбегіне жеміс тілей отырып, марапатымен құт­тық­таймыз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 желтоксан 2018 г. 842 0