
Халқымыздың қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі – жабырқаған жандарға жақсылық жасап, қамқорлық көрсету болып табылады. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық іс-шаралардың бірі.
Бүгінгі игілікті шара аудан әкімдігінің қолдауымен «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен он бес тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық қамқорлық шарасы өткізді.
Аталған шараға аудан жастары және мекеме басшылыры қатысып, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы елдігіміздің тұмары, ерлігіміздің шынары болған - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесімен өз құттықтауын жеткізіп, кайырылымдылық азық-түлік тауарларын табыстыды.
Шиелі ауданы әкімдігі тарапынан жыл басынан бүгінгі күнге дейін жалпы аудан бойынша тұрмысы төмен 1153 отбасыға 9 млн. 472 мың теңге көлемінде азық-түлік, киім-кешек, қаржылай қолдау және қыс мезгіліне қажетті қатты отынмен көмек беру мақсатында мекеме басшылары мен кәсіпкерлер, демеушілер есебінен қайырымдылық шаралары көрсетілді.
Халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлетін азаматтар мен қоғам бар кезде осындай қайырымдылық шаралары жалғасатын болады.