"Қазақстанның Еңбек Ері" иегерлері аталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі "Қазақстанның Еңбек Ері" және айрықша ерекшелік белгісі Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін тапсыру туралы жарлыққа қол қойды.

 Мемлекеттік сыйлықтар Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін "Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" ҚБ төрайымы Бәйменова Құралай Базарбайқызы, Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Соловьева Алина және Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы "Шәушен" ШҚ басшысы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлына берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 желтоксан 2018 г. 486 0