« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық штабы елімізде алғаш рет Қызылорда облысында ашылды.
Облыстық штабтың ашылуы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың облысқа іссапары барысында өтті. Штабтың құрылу мақсаты - жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелейтін «Адал ұрпақ» клубтарының жұмыстарын үйлестіру болып табылады.
– 2016 жылдан бері «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары облыстың барлық мектептерінде құрылып, бүгінде олардың қатарында 16000-нан астам мүшелері бар. Осы кезге облыстағы ерікті клубтардың жұмысын үйлестіретін, оларға методикалық көмек көрсететін арнайы орталықтың болмауы қиындықтар тудырып келген болатын.Қазіргі таңда облыстық штабта ұйымдастырылған жұмыстардың 500-ге жуық материалдық қоры осы штабта жинақталған. Облыстық штабтың құрылуы өз кезегінде ерікті клубтардың қызметін үйлетіруге септігін тигізеді, - деді облыстық штаб жетекшісі Әлия Қырғызбайқызы.
Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Адал ұрпақтықтардың» облыстық штабы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында орналасты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |