Сексеуіл бұтасын заңсыз кескен

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлерімен сексеуіл ағаштары мен бұталарын заңсыз кескен облыс тұрғыны ұсталды.
Ағымдағы жылдың 27 тамызында Сырдария ауданы Айдарлы ауылында  тұрғынның сексеуіл ағаштары мен бұталарын кесіп, үйінің ауласына заңсыз сақтағаны анықталды. Тексеру барысында сақталған сексеуілдің көлемі 7 куб.м. екені белгілі болды.
Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, Сырдария аудандық сотына жолданды.  
Соттың 28.09.2018 жылғы үкімімен күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340 - бабы 1 - бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 60 125 (алпыс мың бір жүз жиырма бес) теңге айыппұл салынса, мемлекет пайдасына 62 049 (алпыс екі мың қырық тоғыз) теңге мүліктік залал өндірілді.  
Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 13.08.2015 жылғы №211 Заңына сәйкес 31.12.2018 жылға дейін мемлекеттік орман қорына жататын жерлерден сексеуіл ағаштарын кесуге, жоюға немесе зақымдауға тыйым салынған.  

Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз  қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2018 г. 723 0