Мектеп оқушысы торсық бейнесіндегі дәмхана жасады

Мектеп оқушысы торсық бейнесіндегі дәмхана жасадыҚазалыда «Жаңашыл жастармен кемел келешекке» атты жобалар жәрмеңкесі өтті. 
Аталмыш жәрмеңкеде Қазалы ауданы бойынша 8 қатысушы өз жобаларын қорғап шықты. Әр қатысушының жобасының мақсаттары, міндеттері, іске асыру жоспарлары түгел қамтылған. №249 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Әлиев Нұрғисаның торсық бейнесіндегі дәмхана атты жобасы ең үздік деп танылып жүлделі бірінші орынды иемденді. Ал жүлделі екінші орынды №266 мектеп-лицейдің ұстазы Ақбаева Жаннаға табысталды. Ал үшінші орын №165 мектептен Омаров Ғазиз иемденді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 мамыр 2014 г. 1 068 0