«Қайсар» командасы біріншілікте жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда турнир кестесінде екінші орында тұр.
Команданың осындай сенімді ойыны жергілікті жанкүйерлердің үлкен қолдауына ие бола бастады. «Қайсардың» өз алаңындағы кезедсулеріне келген жанкүйерлер саны әрбір ойын сайын артып келеді. Үстіміздегі жылдың 24 мамыры күнгі «Қайсардың» өз алаңындағы "Астанамен" кездесуіне 6000 жанкүйер тамашалады. Бұл көрсеткіш биылғы біріншіліктегі жергілікті жанкүйерлер жасаған рекорд есебінде тіркеледі. Бұдан бұрын ең көп жанкүйер «Қайсар» мен «Атырау» арасындағы кездесуде келіп, өз командасына 5500 адам қолдау білдірген еді. Ең аз жанкүйер 27 сәуірдегі «Қайсар» мен «Шахтер» арасындағы матчта тіркеліп, сол жолы небәрі 3500 адам тамашалады.
Қуаныштысы, жерлестеріміз өз алаңындағы 7 ойынның 5-де жеңіске жетіп, біреуінде тең түссе, біреуінде жеңіліс тапқан еді. Өз алаңындаңы жеңіске жету жөнінен «Қайсар» алдына тек «Ақтөбе» командасын ғана шығарып отыр. Өткен жылғы чемпионы болған ұжым 6 ойын өткізіоіп, оның барлығында жеңіске жетті.